Атырау облысы тарихи-өлкетану музейіне қарасты М.Өтемісұлы әдеби-мемориалдық музейінің меңгерушісі Осихина Аймекен Махсотқызының ақиық ақын, ақберен батыр Махамбет Өтемісұлының зиратының табылуы мен қайта жерлену тарихына орай дайындаған видео дәрісі
2020 жылы 19 тамыз күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешовтың төрағалығымен онлайн форматта «Цифрлық дәуірдегі Қазақстан музейлері: жаңа талаптар мен мүмкіндіктер» тақырыбында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Музей ісі жөніндегі Көркемдік кеңес отырысы өтті.
Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің қор бөлімі қорға түгендеу, тексеру жұмыстарын жүргізуде.
Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, Жайық бойының айтулы дүлдүлі, дарынды ұстаз Хамидолла Нәубетовтың туғанына 135 жыл толуына орай "Өмірі өнеге, ісі ұлағат" тақырыбындағы видео-дәріс
Қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының мұрасын ұрпақтан-ұрпаққа насихаттау мақсатында биыл Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық музейімен келісім жасалып, музей қорына ақынның жеке тұтынған үш шекті тұмар домбырасы мен тоғызқұмалақ тақташасының көшірмесі жасалды.
Ұлы ақынның туғанына 175 толуына орай Республика көлемінде өнер адамдарымен өткізілген "Желсіз түнде жарық ай" әдеби челленджі
10 - тамыз Абай күні.
Ұлы ақын, ойшыл, қазақтың жаңа жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы, аудармашы, сазгер Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың туғанына 175 толуына орай тақырыптық экскурсия
Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Республика көлеміндегі археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуге арналған 2020 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі Қызылқоға ауданы, Миялы (Жангелді) қорғандар тобының 3 қорғанына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді.
Есімі барша елге жайылған Сұлтан Бейбарыс туралы Жусан иісі" тақырыбындағы аңыз әңгіме
15-шілде қолына қалам алса болды, қадау-қадау өлеңдері ағылып келетін, қазақтың тұңғыш бард ақыны Табылды Досымовтың туған күні.
Ән әлеміне өзгеше жаңалық әкелген өнер иесінің өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында дайындаған бейнеролик
Еліміздің бас қаласы +Нұрсұлтан қаласының туған күніне арналған "ЖАЙНАЙ БЕР, МЕНІҢ ЕЛОРДАМ" тақырыбындағы онлайн экскурсия
"Ұлттық домбыра" күніне орай домбыраның сыршыл пернесінен сезім кілтін ағытқан облысымызға танымал домбыра жасаушы шебер, "Нұрриза" шеберханасының меңгерушісі Нұрлыбек Тұрланұлымен өтетін онлайн шеберлік сағат
Дүлдүл күйші, белгілі домбырашы, ұлағатты ұстаз Ғибатолла Мәсәлімовтың туғанына 95 жыл толуына орай видео-дәріс
2020 жылдың 25 маусым күні Атырау облысы тарихи-өлкетану музейіне қарасты қарасты Палеонтология бөлімшесінің маманы Э.Мұхамбетқалиева Қ.Дүтбаев атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің "Бастауыш білімінің шетел тілі мұғалімі", "Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі" мамандықтарының студенттеріне ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн экскурсия жүргізді.
Осыдан 75 жыл бұрын 1945 жылы 24 маусымда Ұлы Отан соғысында жеңіске жеткен Кеңес жауынгерлерінің қатысуымен "Ұлы Жеңістің алғашқы шеруі" өткен болатын.
Атаулы күнге орай Боран Нысанбаев атындағы "Әскери Даңқ" музейінің меңгерушісі Нұрлыгүл Кеңесбайқызы дайындаған видео дәрісі .
Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі 2020 жылы 17 маусым күні Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетімен бірлесен түрде арналған «Алтын Орда кезеңі: уақыт пен кеңістік аясында» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Махамбет сыйлығының лауреаты, Республикалық Аманат сыйлығының иегері, Индер ауданының құрметті азаматы Жылқышиев Қойшығұл Өмірұлымен онлайн сұхбат
Атырау облысы тарихи өлкетану музейі 16 мамыр - 17 маусым аралығында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Құрмет орденінің иегері Мекес Төрешовтің туғанына 80 жыл толуына орай, Республика көлемінде дәстүрлі ән орындаушылардың арасында челленджін ұйымдастырды.