18 наурыз «Игі істер күніне орай» Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері «№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының» тәрбиеленушілері үшін арнайы «Біз біргеміз» көшпелі көрмесін ұйымдастырды.
18 наурыз «Игі істер күніне орай» Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері «№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының» тәрбиеленушілері үшін арнайы «Біз біргеміз» көшпелі көрмесін ұйымдастырды.
2021 жылдың 16-шы наурыз күні сағат Атырау облысы тарихи – өлкетану музейінің Палеонтология бөлімшесінде мезозой эрасының бор дәуірінде тіршілік еткен жануарлар әлеміне саяхат жасау, оқушыларды жойылып кеткен жануарлар туралы жаңа мәліметтермен таныстырып, олардың жойылып кету себептері жөнінде мағлұматтар бере отырып, теңізде тіршілік еткен жануарлар әлеміне деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ZOOM бейнебайланыс бағдарламасы арқылы "Бор тауларының құпиясы " тақырыбында танымдық сабақ өткізді.
16 наурыз Шежіре күні.
Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында көктем мерекесі - Наурыз мейрамына орай бекітілген тұжырымдамасына сәйкес 10 күндік мәдени шара жоспарын жасақтады. Осыған орай 15 наурыз – «Жайлау күніне» музей жанынан құрылған «Алтын оймақ» қолөнер үйірмесінің мүшесі, ши тоқу шебері Жанар Карабалинаның шеберханасында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан халқымыздың қолөнерін насихаттау мақсатында тікелей эфирден шеберлік сағаты өтті.
Қазақстан Республикасы Үкіметі 2021 жылдың қаңтар айында "Наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасын" ұсынған болатын.
Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі жанынан құрылған «Жас экскурсоводтар» клубы қазіргі таңда өз жұмысын қарқынды жүргізуде.
Жылма-жыл дәстүрлі түрде Боран Нысанбаев атындағы «Әскери Даңқ» музейінде Кеңес Одағының Батыры Боран Нысанбаевтың ерлік көрсеткен күніне орай ақпан айының басында түрлі шаралар өткізу үрдіске айналған.
Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің 80 жылдығына орай музейдің және музей бөлімшелерінің қорларындағы аса құнды жәдігерлерден «Палеонтологиялық», «Археологиялық», «Зергерлік бұйымдар», «Қару-жарақтар», «Саз аспаптары» коллекциялары ғылыми каталогтары қазақ, орыс, ағылшын, түрік, қытай тілдерінде жарық көрді. Ғылыми жинақты дайындау барысында жан-жақты зерттеу жұмыстары жүргізіліп, олардың мерзімделуі, материалы, техникасы, өлшемі, сынамасы, қолданылуы, есептік белгісі және ғылыми анықтамасы жазылып, нәтижесінде ғылыми зерттеумен айналысатын мамандарға арналған үлкен жинақ баспадан жарық көрді. !!! Ғылыми катологтардың электронды нұсқасымен әр коллекция атауының астындағы сілтемелерді баса отырып таныса аласыздар
Бүгін Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде Zoom бейнебайланыс платформасы арқылы 2020 жылғы есептік жылды қорытындылау жиналысы өтті. Жиын барысында Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі қызметкерлерінің және музейге қарасты аудандық бөлімшелердің 2020 жылы атқарған жұмыстарының қорытынды есебі тыңдалды.
Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі мен «Atyraý» телеарнасының бірлескен жобасы «Атырау квест» бағдарламасы жаңа маусымда жаңа қатысушылармен көрермен назарына 2020 жылдың 4 қыркүйегінен бастап ұсынылып, ағымдағы жылдың 18 мамыр – халықаралық музей түніне дейін жоспарланып отыр.
Қазақстан Республикасының төл мерекесі - Тәуелсіздік күні қарсаңында Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің 80 жылдық мерейтойына орай әріптестеріміз Аймуканова Күміс Сатыбалдықызы, Хасанова Бақтыгүл Қаспайқызы және Нұрпейісова Светлана Құспанқызы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісімен, Наурызбаева Меңсұлу Тұрсынғалиқызы «Құрмет Грамотасымен» марапатталды.
«Тарих керуені» осындай тақырыпта аудандық музейлер бір-біріне бейнесаяхат жасады. Жылдық жұмыс жоспарға сәйекс аудандық музейлер өздеріне жақын орналасқан өзге аудандық музейлерге көшпелі көрме ұйымдастыру көзделген болатын.
Атырау облысы тарихи өлкетану музейі 2016 жылыдан бері Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өлкеміздің тарихи-мұрасын насихаттау мақсатында «Музейлік квест» интелектуалды ойыны ұйымдастырып келеді.
Құрметті көрермендер!
Ертең, 27 қараша күні Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде санитарлық тазалық күні. Осыған орай музей көрермен қабылдай алмайтындығын қаперлеріңізге беріледі.
Құрметпен, Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі әкімшілігі
26 қараша күні Атырау облыстық тарихи – өлкетану музейі кітапханасы «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Жыл кітабын бірге оқиық» атты видео дәрісін өткізді.
Ағымдағы жылдың 23 қараша күні Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі жанынан құрылған «Алтын оймақ» қолөнер үйірмесінің мүшесі, тоқыма ойыншықтар тоқу шебері Жәния Дощановамен музейдің фейзбук желісінде тікелей эфир өтті.